Ақтөбе қаласы білім бөлімі
МКҚК №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымы
Бекітілді
№ 39 «Достық» МДҰ
№3 педагогикалық кеңесі шешімімен
«29» «01» 2020 жыл
2020-2025 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
https://dostyk39-aktobe.edu.kz/kz/zhanaly-tar/99-damu-ba-darlama-2020.html#sigFreeId586e1d352d
№39 «ДОСТЫҚ»МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫНЫҢ
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
|
Бағдарламаның аталуы |
Ақтөбе қаласы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №39 «Достық»мектепке дейінгі ұйымының 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасы
|
|
Даму бағдарламасын жауапты орындаушы |
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымы: МДҰәкімшілігі, педагогикалық ұжым,медицина қызметкерлері, қызметкерлер
|
|
Даму бағдарламасын құрастырушылар |
Шығармашылық топ, МДҰ меңгерушісі, әдіскер |
|
Бағдарламаны құруға негіз болған нормативтік-құқықтық құжаттар
|
· Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ · «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және ҚР Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы; · Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы; · Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы; · Қазақстан Республикасынығ Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы; · Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жастар жылының ашылуында және «NurOtan» партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмасы; · Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы; · ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы. · Қазақстан Республикасы ПрезидентіҚ.Қ.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды платформасы; · Қазақстан Республикасының Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалдыбағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары · «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. · Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚРЗ Заңы · Бала құқығы туралы Конвенция. 2019 жылғы 20 қараша · «Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы · «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы. · «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы. · «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы. · Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі · Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы. · «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы. · «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». · «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы · «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы). · Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы, ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы. · «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 бұйрығы. · «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы. · «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. · «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы. · «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы · «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. · Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы). · №39 «Достық» МДҰ Жарғысы
|
|
Өзектілігі
|
· Мектепке дейінгі білім берудің әлеуметтік ахуалын көтеру. · Балалар денсаулығын нығайту, аурушаңдық деңгейін түсіру. · Баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру; · Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету; · Тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналар мен баланың тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсілдер, тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру; · Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістерінің қабылдануы.
|
|
Бағдарлама мақсаты |
· Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің дағдылары мен рухани-адамгершілік құндылықтарын және жеке тұлғаны дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету, · Мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін жаңғырту, тәрбие мен білім беру сапасын көтеру, рухани- адамгершілік тәрбие беру.
|
|
Бағдарлама міндеттері |
· Педагог мамандығының қажеттілігін арттыру және педагогикалық білім беруді жаңғырту. · Балалардың қауіпсіз және қолайлы тыныс-тіршілігі үшін жағдайлар жасау, баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру . · Балалар денсаулығын сақтау, нығайту. · Балалардың физикалық дамуында дәстүрден тыс сауықтыру технологиясын және спорт түрлерінің жолдарын қолдану. · Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуда тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану. · Жаңа технологиялар арқылы мектепке дейінгі балалардың патриоттық тәрбиені қалыптастыру бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру · Педагог міндеттерді іске асыру үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын қолдануы және игеруі. Осы мақсатта педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруы, білімін көтерумен айналысу; · МДҰ материалдық-техникалық базасын нығайту; · мектепке дейінгі ұйым дамуының тетіктерін жасау және олармен қамтамасыз ету; · мектепке дейінгі ұйымның дүниежүзілік стандарттар мен уақыт талаптарына сәйкес келетін дамытушы заттық-кеңістіктік және білім беру ортасын қалыптастыру; · мектепке дейінгі ұйым қызметінің инновациялық мазмұнын әзірлеу және енгізу. · мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін арттыру. · білім беру үдерісіне қатысушылардың бәріне субъект-субъектілік өзара әрекет ұстанымдарын енгізу. · өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орын иелену,облыста жоғары рейтингке қол жеткізу; · «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар; · аймақта білімділік бойынша орын алуға лайықты; · қалалық, облыстық, республикалық деңгейде жоғары рейтингке жетуі;
|
|
Іске асыру мерзімдері |
· 2020–2025 жылдар |
|
Нысаналы индикаторлар |
· 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту. · Мектепке дейінгі білім беру жүйесімен қанағаттанудың композиттік индексі (білім алушылар, жұмыс берушілер, түлектер және қызметкерлер). · Инновациялық жобаларды бюджеттен тыс көздерден бірлесіп қаржыландыру (Қамқоршылық кеңес тарапынан). |
|
Қаржыландыру көздері және көлемі |
Бағдарламаны іске асыру үшін 2020 – 2025 жылдары__________________________ көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады, оның ішінде: Республикалық бюджеттен – Жергілікті бюджеттен – Бджеттен тыс - 2020 – 2021 – 2022 – 2023 – 2024 – 2025 – сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес және республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік жекешелік әріптестіктің кіріс мүмкіндігі бөлігіне қарай және басқа да балама көздерді тарта отырып нақтыланатын болады. |
|
Ұраны |
«Сүйіспеншілікпен қарсы аламыз, мақтанышпен шығарып саламыз!» |
|
Миссиясы |
Балалық қасиеттерін сақтау: таңдану, сенім, қарым-қатынас |
|
Жетекші функциясы |
Баланың жеке тұлғалық әлеуеті |
|
Шешуші пікір |
«Бәрі де балалық шақтан басталады!»
|
|
Құндылықтарымыз |
Балалар, отбасы, денсаулық, бақыт және мейірімділік
|
|
Біздің принциптеріміз |
- ізгілік; - бала, ата-ана, педагогтар құқығына түсінушілікпен қарау; - балаға сүйіспеншілік; - сенім; - ашықтылық; - ынтымақтастық, түсінушілік; - табысқа қол жеткізу; - мектепке дейінгі ұйымының қарқынды дамуында басты қорытынды кілті – түлектердің жеке тұлғалық моделі;
|
|
Даму бағдарламасының орындалу уақыты және кезеңдері
|
Бағдарламаның жүзеге асырылуы 2020-2025 жылдар аралағындығы үш кезең: Бірінші кезең - 2020-2021 жылдар – ұйымдастыру-дайындық (бағдарламаның жүзеге асырылуына жағдай жасау); Екінші кезең- 2021-2024 жылдар (практикалық кезең ) Үшінші кезең- 2024-2025 жылдар - қорытынды: Ақпараттық-аналитикалық кезең (мектепке дейінгі ұйымда бағдарламаның жүзеге асырылуына сапалық бағалау және өзгерістеріне мониторингі жүргізу)
|
|
Бағдарламаның орында луына басшылық тәртіп |
Даму Бағдарламасына түзету Қамқоршылық, педагогикалық кеңестерде жүргізіледі. Даму бағдарламасының орындалуына басшылықты МДҰ меңгерушісі жүргізеді.
|
|
Даму бағдарламасының орындалуына бақылау |
Бақылау жыл сайын мамыр айында жүргізіледі.
|
Кіріспе
Бағдарламаның мақсаты халықты қоғамда сұранысқа ие дағдылары бар жеке тұлғаны дамытуға бағытталған сапалы және әділ біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ нәтижелілікті арттыру үшін балаларда зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық әлеуетін дамытуда инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданып, тұтас бала бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.
Бағдарлама алты жылға есептелген және барлық мүдделі тараптардың білім мен тәрбиенің неғұрлым басым міндеттерін орындауға ресурстары мен күш-жігерін жұмылдыруға арналған.
Бағдарламаны іске асыру педагогтардың, білім алушылардың және білім беру қызметінде сапалы ұйымдастыруды, балабақша мен қоғам арасында тиімді коммуникация құруды болжайды.
Қазіргі күні елдің дамуын өлшеудің басты критерийі адами даму индексі деп есептейміз, өйткені ол өзіне күтілетін білім деңгейін, тұлғаның үнемі өзгеруі жағдайына бейімделу қабілетін интеграциялайды.
Адам құқығы Декларациясына сәйкес «Білім туралы» заңы, бала құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғалы бері қазіргі мектепке дейінгі мекемелер оның гуманизациясы және демократизацияның негізінде дамиды, сол арқылы тәуелсіз мемлекетте шығармашылық жағынан дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасалуда.
Баланың мектепте жақсы оқуы тікелей оның мектепке дейінгі алған білімі мен тәрбиесіне байланысты. Қазақстан Республикасындағы 2020-2025 жылдарға білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында білімнің ұлттық моделінің бірінші деңгейін дамытуға үлкен мән беріледі. Өткізілетін реформалардың басты буыны тұтастай әлемдік көзқарасқа, дамыған лингвистикалық санаға ие мәдени тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңдарында көрсетілген мемлекеттік саясатқа негізделеді.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, даярлаудың негізгі бағыты, олардың жеке мәдениетін дамытуға, мектепте оқу үшін қажетті дағдыларын қалыптастыруға, қазақ тілі және басқа тілдерді оқытуға, балаларды интеллектуалдық және эмоциалдық тұрғыдан дамытуға, олардың физикалық, психикалық денсаулығын нығайтуға жағдай жасау болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілер білім мен дағдыға ие болып қана қоймай, олар өз беттерінше ақпараттарды таба білуі, талдай білуі, құрастыра және тиімді қолдана білулері қажет. Қазіргі қоғам процесіне нарықтық экономиканың енуі жан-жақты дамыған еңбекқор, шығармашыл, жоғары білімді және интелектуальды адамдарды қалыптастыру нәтижесінде білім мақсатының бағытын ауыстырады. Мектепке дейінгі білім үздіксіз білім жүйесінің бастапқы буыны бола отырып, қазіргі таңда жан-жақты даму үстінде. Бүгінде оқыту технологиялары жаңартылды.
1.МДҰ-ға ақпараттық анықтама
Мекеменің аты: мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
№39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымы
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 36
Телефон: 8 (7132) 53-61-24, 53-63-06, 50-75-30, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Инстаграм dostyk39
Жалпы алаңы 3210 ш.м.
Ақпараттық анықтама. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 2011 жылдың қаңтар айында МКҚК №39 «Достық» МДҰ қолданысқа берілді. Балабақшада 10 топ , барлық бала саны-350, оның 6 топта 200 балаға оқу-тәрбие мемлекеттік тілде беріледі. Шанхай мөлтек ауданының 31 % балаларын қамтиды.
2019 жылында №39 «Достық» МДҰ мемлекеттік бақылаудан өтті.
Материалдық-техникалық базасы. Жоба қуаттылығы-280 орын. №39 «Достық» МДҰ заманауи балалар көп функционалдық жиһаздары және ойыншықтармен жабдықталған. Музыка, денешынықтыру залдары, қазақ тілі, әдістемелік кабинеті, өзін-өзі тану кабинеті және техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және қалыптастыруға медициналық және егілу кабинетінде жүзеге асырылады. Көріктендірілген балабақшаның аймағында спорттық және ойындық жабдықтар балалардың денсаулығын нығайтуға, ата-аналармен тәрбиеленушілер арасында дене шынықтыру және спортты дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық аймақ: шыршалар, бақша, гүлзарлар балаларға экологиялық тәрбие беруге қызмет көрсетеді.
Басымдылық бағыты. 2012 жылдан бастап екі облыстық алаң: мектеп жасына дейінгі балаға тілдің үш тұғырлығы арқылы көп тілділікті қалыптастыру, экологиялық тәрбиеге бағытталған шығармашылық ЭКО зертхана.
2014 жылдан бастап екі республикалық эксперименттер: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарлама бойынша пилоттық мекеме болып тағайындалған және мектепке дейінгі ұйымда жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу»
Жетістіктері: 2014-2019 жылдарда МДҰ педагогтары білім беруге бағытталған 26 адаптивтік бағдарлама, 26 педагогтың әдістемелік жұмыстары облыстық жинақтан жарық көрді. Жыл сайын МДҰ-ның педагогтары және тәрбиеленушілері республикалық, облыстық және қалалық байқаулырға қатысып, жүлделі орындармен және сертификатпен марапатталады. Балабақша меңгерушісі: Уркимбаева А.Ж. Білімі: Жоғары, мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту». Еңбек жолы: 33 жыл. «Нұр Отан» партиясын мүшесі. 2017 жылы Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ
Бірінші кезең - 2020-2021 жылдар
Міндеті: МДҰ жұмысының тиімділігін талдау арқылы жақын арадағы бағытын, мақсат, міндеттерін анықтау.
|
Іс әрекет мазмұны |
Мерзімі |
Жауаптылар |
|
Педагогикалық ұжымды Даму бағдарламасымен таныстыру, мақсатын орындалу тәртібімен талқылау. |
Қаңтар 2020 ж. |
Меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
Тәрбиеленушілер отбасыларының МДҰ жұмысына қанағаттану деңгейлерін анықтау үшін зерттеу. |
Қаңтар 2020 ж. |
Меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
МКҚК №39 «Достык» МДҰ-ның көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тамақтандыру шығындарын 70% мөлшерінде өтеумен жеңілдікпен ұйымдастыру. |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің төрайымы, ата-аналар комиитеті, меңгеруші |
|
Педагогикалық ұжымның және ата-аналар комитеті және Қамқоршылық кеңесінің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы. |
Қаңтар 2020 ж. |
Қамқоршылық кеңестің төрайымы, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуда тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану» тақырыбы облыстық экспериментті еңгізу |
Оқу жылдан бастап |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Өзін–өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын біртұтас педагогикалық үдеріске енгізу» атты республикалық пилоттық жобасын жалғастыру. |
Оқу жылдан бастап |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Балама жүрегімді ұсынамын» атты Ата-аналар клубы жұмысын жалғастыру |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, ата-аналар. |
|
Педагогикалық ұжым мен балалар арасындағы психологиялық жайлылықты зерттеу. |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Жаңартылған білім беру мазмұнында «Өзін-өзі танудың» маңыздылығы» жас мамандарға республикалық пилоттық жоба бойынша оқу семинарларды ұйымдастыру |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
Ата-аналар және қызметкерлердің қатысуымен «Игілікті істер» акциясы |
Ақпан 2020 |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Мейірімділік мекені» қамқоршылық акциясы. Қарттар күніне орай Шанхай мөлтек ауданың қарттарды құттықтау, сыйлықтарды ұйымдастыру. |
Ақпан 2020 |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, шығармашылық топ |
|
МДҰ материалдық-техникалық базасын зерттеу және талдау. |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
Қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, шығармашылық топ |
|
МДҰ-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері. |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, шығармашылық топ |
|
МДҰ аймағын абаттандыру жұмысын жоспарлау |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, шығармашылық топ |
|
Білім беру процесі деңгейін анықтауда әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етілуін талдау және зерттеу. |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Ұлы Даланың жеті қыры» ҚР Президенті Н.Назарбаев мақаласы негізінде жобалау технология арқылы мектепке дейінгі балалардың патриоттық тәрбиені қалыптастыру бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
Әлеуметтік көмекті қажет ететін тәрбиеленушілерге көмек көрсету жағдайы. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету (костюмдер, жол ақысы және т.б) |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері |
|
МДҰ-да балалардың жайлылықта болу деңгейі, жас ерекшеліктеріне қарай пәндік-дамытушы ортаның қамтамасыз етілу деңгейін анықтау және толықтыру. |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
«Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» декада |
Ақпан 2020 ж. |
Шығармашылық топ, |
|
«Асыл әже» тәрбиешелунілердің әжелері арасында балалар үшін қол шебер ұйірмесін ұйымдастыру |
Наурыз 2020ж. |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
МДҰ-да тәрбиеленушілердің тәрбие мен білім бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау. «Ашық есік» іс-шараны өткізу |
Сәуір-мамыр 2020 жыл |
Меңгеруші,әдіскер, педагогтар |
|
Балабақша туралы ойлары мен тілектерін анықтау мақсатында МДҰ ұжым мен ата-аналар қатысуымен дөңгелек үстел, сұхбат ұйымдастыру. |
Мамыр 2020 жыл |
Меңгеруші,әдіскер, педагогтар |
|
МДҰ аймағында футбол спорттық алаңын жабдықтау.
|
Маусым-тамыз 2020 ж. |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, шығармашылық топ |
|
МДҰ ауласын абаттандыру жұмыстары. Топ ойын алаңдарын жабдықтау |
Маусым-тамыз 2020 ж. |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, шығармашылық топ |
|
Ағымдағы ұйымдастырушылық шаралар |
|
|
|
Бірлескен жұмыстар ұйымдастыру: -ата-аналар комитетімен; -педагогикалқ ұжыммен; - қоғамдық ұйымдармен; |
Жыл бойы жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
Бюджеттен тыс қаржы көздерін іздестіру: -білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту; -талантты және аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету; - «Мектепке жол», «Игілікті істер дүкені» ақциялар |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің төрағасы, МДҰ әкімшілігі |
|
МДҰ қосымша білім беру мақсатында ҚББ келісімімен спорттық үйірме және секция ашу. |
Жыл бойы |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
МДҰ әкімшілігімен материалдық көмек қажет ететін балабақша түлектер санын анықтау. |
тамыз |
Қамқоршылық кеңестің төрағасы, МДҰ әкімшілігі |
|
Жергілікті жердегі медицина ұйымдары арқылы аурушаң балалардың денсаулығын нығайту жағдайларын қарастыру
|
Жыл бойы жалғасады |
меңгеруші, әдіскер, педагогтар қамқоршылық кеңестің төрағасы, медбикелер |
|
Құқық қорғау, өрттен сақтау және т.б органдармен бірлесе отырып балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалармен оқу-тәрбие жұмыстар жүргізу. |
Жыл бойы жалғасады |
Қамқоршылық кеңестің төрағасы, әдіскер |
|
Жалпы іс-шаралар |
|
|
|
Ата-аналардың қатысумен өтетін балабақшалық іс-шараларды ұйымдастыру: - жиналыстар, семинарлар; -тәрбиелік, экологиялық және қайырымдылық акциялар; -спорттық, шығармашылық және интеллектуалды сайыстар; |
Жыл бойы |
Шығармашылық топ, ата-аналармеңгеруші, әдіскер, педагогтар Қамқоршылық кеңестің мүшелері
|
|
Кабинеттер, топ бөлмелерін, балабақша аймағын абаттандыру жұмыстарына табысты МДҰ түлектері ата-аналарын тарту; |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңесі мүшелері
|
|
МДҰ әкімшілігінің жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларын өткізуге көмек көрсетуі. |
Жыл бойы |
Қамқоршылық кеңесі мүшелері |
Екінші кезең - 2021-2024 жылдар
Міндеті: Ұйымдастыру-дайындық кезеңіндегі қорытындысы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда үздіксіз білім беруде тиімді ұйымдастыру.
|
Іс әрекет мазмұны |
мерзімі |
жауаптылар |
|
Даму Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын талдау, түзету, өзгерістер мен толықтыруларды еңгізу. |
Мамыр-тамыз 2020 жыл |
Қамқоршылық кеңестің мүшелері, педагогтар, ата-аналар комитеті |
|
МДҰ –ның концептуалды дамуы жолдарын қалыптастыруда, өзекті мәселелерді шешуде, мақсаты, принциптері және мазмұны бойынша педагогтармен семинарлар өткізу. |
Қыркүйек 2020 жыл |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, |
|
Ата-аналар жиналыстарында МДҰ Даму бағдарламасының негізінде жүргізілетін жұмыстар, күтілетін нәтижелерін ұсыну. |
Қыркүйек 2020 жыл |
Меңгеруші, әдіскер, ата-аналар |
|
Оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде, алға қойылған міндеттерді орындауда педагогикалық ұжымың теориялық және тәжірибелік құқықтық сауаттарын көтеру мақсатында педагогикалық ұжымды нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру |
Қыркүйек 2020 жыл |
Меңгеруші , әдіскер |
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар, Әдістемелік-нұсқаулық хаттың құрылымымен таныстыру. |
Қыркүйек 2020 жыл |
Меңгеруші , әдіскер |
Міндеті: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру.
|
Іс әрекет мазмұны |
мерзімі |
жауаптылар |
|
|
МДҰ–ның оқу-әдістемелік жабдықталуы. |
Қыркүйек 2020 |
Меңгеруші , әдіскер |
|
|
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны еңгізу мақсатында мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану . |
Жыл бойы |
Меңгеруші , әдіскер,педагогтар |
|
|
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны еңгізу мақсатында балабақша педагогтары SMART интерактівтік технологияларды жұмыс барысында қолдану. |
Қыркүйек 2020 |
Шығармашылық топ, әдіскер |
|
|
«Замануи білім беру технологияларын енгізу негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыру» тақырыбы облыстық экспериментін жалғастыру.
|
Қыркүйек 2020 жыл |
Шығармашылық топ, әдіскер |
|
|
«Өзін–өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын біртұтас педагогикалық үдеріске енгізу» атты республикалық пилоттық жобасын жалғастыру. |
Қыркүйек 2020 жыл |
Шығармашылық топ, әдіскер |
|
|
«Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуда тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану» оқу-практикалық семинарларды ұйымдастыру |
Қазан 2020 жыл |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, |
|
|
Жас мамандардың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша құндылықтар туралы кеңестерді өткізу |
Қазан 2020 жыл |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, |
|
|
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Адаптивтік бағдарламаларын, әдістемелі нұсқауларын құрастыру. |
Қараша 2020 жыл |
Тәрбиешілер, мамандар |
|
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда педагогтардың қиындықтарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу, әдістемелік көмек көрсету. |
Жылсайын |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, |
|
|
МДҰ тәрбиешілері мен мамандарын біліктілікті арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру. |
Қажеттілігіне қарай |
Меңгеруші , әдіскер |
|
|
Балалар тілдерін дамыту мен қалыптастыруда, рухани-адамгершілік тәрбие беруде ертегінің атқаратын ролі |
Жалғасады |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер, |
|
|
«Мектепке дейінгі ұйымда рухани-адамгершілік тәрбие берудің міндеттері, мазмұны және тәсілдері» Жұмыс тәжірибесін жинақтап қорыту, әдістемелік нұсқаулықтарды шығару. |
Ақпан -наурыз 2021 жыл |
Меңгеруші, әдіскер педагогтар |
|
|
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершіілк білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. |
Қажеттілігіне қарай |
Меңгеруші , әдіскер |
|
|
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша интеграциялау мастер-класс облыстық деңгейде өткізу. |
Сәуір 2021 ж. |
«Өрлеу» ҰБАО |
|
|
«Замануи білім беру технологияларын енгізу негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыру» тақырыбы облыстық экспериментін нәтижесін облыстық деңгейде қорытындылау. |
Сәуір 2021 ж. |
Шығармашылық топ, меңгеруші, әдіскер |
|
|
Педагогтардың өзара тәжірибе жинақтау мақсатында бір-біріне өзара қатысымын бақылау |
Жыл бойы |
Тәрбиешілер, мамандар |
|
|
Педагогтардың сараптама қызметі, педагогтардың профессионалды компетенттік біліктілігін көтеру |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер педагогтар |
|
|
Мектепке дейінгі ұйым мен балабақша арасындағы ынтымақтасты байланыс №26 ОМ, №40 ОМ |
Жыл бойы |
Меңгеруші , әдіскер педагогтар |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу, театр, музыка іс-әрекеттерінде инновациялық технологияларды қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында фестиваль өткізу. |
Мамыр 2021 ж. |
Меңгеруші , әдіскер педагогтар |
|
|
Педагогтардың кәсіби шеберліктерін зерделеу: - ҰОҚ қатысу; - жоспарлы талдау; - педагогтың өзін-өзі талдауы; - педагогтар мен ата-аналардан сауалнамалар; |
Жылсайын |
Меңгеруші , әдіскер педагогтар |
|
|
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ
|
|||
|
Балалардың денсаулығы мен шынығуына жағдай жасау. Спорттық ойындар, сауықтыру- шынықтыру шараларын жүйелі ұйымдастыру. |
2020-2025 жылдар |
Медициналық қызметкері және дене шынықтыру жетекшілері |
|
|
МДҰ –да қосымша «Футбол» секциясын ұйымдастыру. |
Қыркүйек 2020ж. |
Дене шынықтыру жетекшісі |
|
|
Ересектер, мектепалды даярлау топтары балаларына мини теннис үйірмесін ұйымдастыру жұмыстары |
Қыркүйек 2020ж |
Қамқоршылық кеңес. Дене шынықтыру жетекшісі |
|
|
МДҰ тәрбиеленушілерін мини-теннис жарыстарына қатысуын ұйымдасты (транспортпен қамтамасыз ету) |
Қыркүйек 2020ж |
Қамқоршылық кеңес |
|
|
Мекеменің медициналық кабинетіне құралдарды алу, балаларды сауықтыратын, олардың физикалық дамуында дәстүрден тыс сауықтыру технологиясын және түрлерінің жолдарын қолдану. |
2021-2024 жыл |
Қамқоршылық кеңес, дене шынықтыру жетекшісі, мейірбикелер, меңгеруші |
|
|
Денсаулыққа қажетті жабдықтарды жинау жұмыстарын жалғастыру. Барлық топтарға ұйқидан ояту жаттығу жолақшаларын құрастыру. |
2020 жылдан бастап |
Әдіскер, тәрбиешілер |
|
|
Балалардың физикалық денсаулығы туралы толық мәліметтер. Емдеу процедурасы және денсаулықты жақсарту жоспары. |
Үнемі |
МДҰ медбикесі |
|
|
ЗОЖ орталықтың семинарлары, акциялары өткізу Фитотерапия бойынша балаларға арналған «Cipollino» кафесін ашуы. |
Жоспар бойынша |
Медбике, дене шынықтыру жетекшілері, педагогтар |
|
|
Денсаулықты нығайту жұмыстарын жоспарлау сапасын көтеру. Дәстүрден тыс сауықтыру технологияларын қолдану |
2021-2024 жж. |
Әдіскер, дене шынықтыру жетекшілері |
|
|
Ата-аналармен бірлескен спорттық сайыстар ұйымдастыру |
2021-2024 жж. |
Дене шынықтыру жетекшілері |
|
|
Қамқоршылық кеңестің спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға көмек көрсетуі. |
2021-2024 жж. |
Қамқоршылық кеңес |
|
|
Даладағы ойын аландарының жабдықталуын толықтыру. |
2021-2024 жж. |
Әкімшілік, Қамқоршылық кеңес |
|
|
Далада спорт алаңын жабдықтау, жаңарту. Футбол аланың ашуға дайындық. |
Мамыр 2022 жыл |
Әкімшілік, Қамқоршылық кеңес |
|
|
Бала денсаулығын дамытуға арналған әр түрлі бағдарламаларды құрастыру. |
Мамыр-тамыз 2022 жыл |
Дене шынықтыру жетекшісі |
|
|
ЖЕКЕ ТҰЛҒА МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ |
|||
|
МДҰ–ның оқу-әдістемелік жабдықталуы. |
Қыркүйек 2021 ж. |
Меңгеруші , әдіскер |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. |
Қазан 2021 ж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, психолог |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің деңгейлерінің диагностикасы |
Қараша 2021 ж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, психолог |
|
|
Зерттеу әдістері – танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі: - түрлі әңгіме әдістерін қолдану; - шағын тестік тапсырмалар; |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, психолог |
|
|
Баланың толық психологиялық дамуына жағдай жасау. |
2021-2024 жж. |
Әдіскер, психолог |
|
|
Бала тұлғасын, оның психикалық даму барысын анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеу. |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, психолог |
|
|
Баланың коммуникативтік даму жақтарын диагностикалау. |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, психолог |
|
|
Жоғарыдағы көрсетілген мониторинг бойынша, ата-аналардың саулнамаларының нәтижелері, сұраныстары негізінде оқу-тәрбие жұмысын жобалау |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші, қамқоршылық кеңестің мүшелері |
|
|
«Ұлы Даланың жеті қыры» ҚР Президенті Н.Назарбаев мақаласы негізінде, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында «Тәуелсіздік – аңсаған арманымыз, қол жеткен мұратымыз!» атты өлкетану мұражайды ұйымдастыру.
|
Қыркүйек 2022 ж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші, қамқоршылық кеңестің мүшелері |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің рухани-адамгершілік тәрбиемен байланысы әр топта «Кітапқұмар» атты кітапхананы ұйымдастыру
|
Қыркүйек 2022 ж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші, қамқоршылық кеңестің мүшелері |
|
|
Балалардың интеллектуалдық дамуын нығайтуда және логикалық, ақпараттық кеңістікпен, бағдарламалау негіздерімен, механика, электротехникамен таныстыру мақсатында «Робототехника» үйірмесін ұйымдастыру.
|
Қыркүйек 2023 ж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші, қамқоршылық кеңестің мүшелері |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлауын, математикалық түсініктерін қалыптастыру «Ментальная арифметика негіздерімен таныстыру» мақсатында «Сауатты балақай» үйірмесін ұйымдастыру.
|
Қыркүйек 2024 ж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші, қамқоршылық кеңестің мүшелері |
|
|
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ
|
|||
|
Жас мамандардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда әдістемелік көмек алуларына жағдай туғызу. |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші, әдіскер,педагогтар |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. |
2021-2024 жж. |
Тәрбиешілер, мамандар |
|
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда педагогтардың қиындықтарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу және әдістемелік көмек көрсету. |
Желтоқсан, сәуір |
Меңгеруші, әдіскер |
|
|
МДҰ тәрбиешілері мен мамандарын біліктілікті арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру. |
Қажеттілігіне қарай |
Меңгеруші, әдіскер |
|
|
Балалар тілдерін дамыту мен қалыптастыруда, рухани-адамгершілік тәрбие беруде ертегінің атқаратын ролі |
2019-2023 жж. |
Меңгеруші, әдіскер, шығармашылық топ |
|
|
«Мектепке дейінгі ұйымда рухани-адамгершілік тәрбие берудің міндеттері, мазмұны және тәсілдері» оқу-практикалық семинарлар өткізу |
2019-2023 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
Замануи білім беру технологияларын енгізу негізінде мектепке дейінгі ұйымының «Жас тәрбиеші» мектебінің жұмыс жоспарын жаңарту |
2019-2023 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершіілк білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. |
Қажеттілігіне қарай |
Меңгеруші, әдіскер |
|
|
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша интеграциялау мастер-класстар, озат педагогтардың тәжірибесін талдап қорыту, жинақтаған материалдарын жариялау |
Қараша 2022 ж. |
«Өрлеу» ҰБАО, МДҰ-ның педагогтар |
|
|
Педагогтардың өзара тәжірибе жинақтау мақсатында бір-біріне өзара қатысымы, басқа озат педагогтардың тәжірибесін қарау, талдау, алмасу. |
2021-2024 жж. |
Тәрбиешілер, мамандар |
|
|
Мектепке дейінгі ұйым мен №26 ОМ, №40 ОМ арасындағы ынтымақтасты байланысты жалғастыру, жаңарту |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші, әдіскер, балабақша, мектеп педагогтары |
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу, театр, музыка іс-әрекеттерінде инновациялық технологияларды қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту. |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
Педагогтардың кәсіби шеберліктерін зерделеу: - ҰОҚ қатысу; - жоспарлы талдау; - педагогтың өз бетінше білім алумен шұғылдануы; - педагогтар мен ата-аналардан сауалнамалар; |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
Тәлімгерлер жүргізілген жұмыстар бойынша талдау жүргізу |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
Шығармашылық топ мүшелерінің инновациялық технологияны қолдану бойынша ағартушылық жұмысы |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
Мектепке дейінгі ұйым мен балабақша арасындағы ынтымақтасты байланыс №26 ОМ, №40 ОМ |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
«Террористік қауіп туындаған кездегі іс-қимыл негідеріне байланысты» - әдістемелік құралын қарау. |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындау мақсатында жұмыс жоспарын, әдістемелік нұсқаулықтарды құрастыру |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, әдіскер, меңгеруші |
|
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде пәндік-дамытушы ортасын толықтыру Электрондық табельдерді еңгізуі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласының әкімдігі «Smart Aqtobe» қосымшасын еңгізуі |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер педагогтар |
|
Баланың даму деңгейін анықтайтын жаңа технологияларды меңгеру. Дамыту аймақтарын безендіру, жабдықтау. |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер педагогтар |
|
«Ұлы даланың жеті қыры» негізінде жазылған адаптивтік бағдарлама бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ жазушыларының шығармалары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарға қалыптастыру бойынша МДҰ-да кітапхананы ұйымдастыру |
2021-2024 жж. |
Шығармашылық топ, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті. |
|
Музеймен, «Алақай» қуыршақ театрымен, Жас натуралистер стансасымен және т.б. мекемелермен бірігіп жұмыстар атқару. |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер |
|
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша «Балама жүрегімді ұсынамын» ата-аналар клубының жұмысын жинақтап қорыту |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер, психолог, мамандар, тәрбиешілер, ата-аналар |
|
Музыка жетекшілері жұмысына бағыт беру, авторлық әдістемелік кепілдеме, материалдық және шығармашылық бағдарламалар кұруға ынталандыру |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер, кәсіподақ ұйымы |
|
Балабақшада дарынды балаларды қолдау |
2021-2024 жж. |
Қамқоршылық кеңесі |
|
Ойнау алаңдарын, балабақша айналасының жабдықтарын, безендіруін жаңарту |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші , әдіскер |
|
МДҰ педагогтарының іс-тәжірибелерін жинақтау әдістемелік құралдар құрастыруы |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші, әдіскер, педагогтар |
|
Жылдық жоспар бойынша кеңес, семинарлар өткізу Педагогтарды аттестациялау бойынша жұмыстар |
2021-2024 жж. |
Меңгеруші, әдіскер педагогтар |
|
Театр қуыршақтарын жасау үйірмесін ұйымдастыру |
2021-2024 жж. |
педагогтар |
|
Мини футбол алаңын жабдықтау, дене шынықтыру жетекшісінің мини футбол үйірмесіне адаптивтік бағдарлама құрастыруы, ұйымдастыруы.
|
2021-2024 жж. |
Әкімшілік, дене шынықтыру жетекшілері |
Игі істер акциясының жоспары
|
«Үміт» балалар үйіне бару, сыйлықтарды табыстау
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«Мейірімділік мекені» шанхай мөлтек ауданында тұратын қарттардың үйлеріне бару, көмек көрсету
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«Аналар үйіне» Сыйлықтар апару
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«Наурыз батасы» Наурыз мерекесіне ата-әжелерді концерттік бағдарламаға шақыру.
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«Магазин добрых дел» дүкені. Аз қамтылған отбасыларына көмек
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«Мектепке жол» аз қамтылған немесе көпбалалы отбасынан мектепке баратын балабақша түлегіне оқу құралдарын сыйлау
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«Таза қала» Шанхай мөлтек ауданы көшесіне сенбілік. Ағаш көшеттерін отырғызу
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
«9 мамыр Ұлы жеңіс күніне» ҰОС батырларына тағзым
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
Қарттар үйіне концерт және қамқорлық акциясы
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
|
Шанхай мөлтек ауданында тұратын балабақшамен қамтылмаған балаларға мерекелік ертеңгілік және сыйлықтар ұйымдастыру
|
Жылсайын |
Әкімшілік, кәсіподақ ұйымы |
Үшінші кезең- 2024-2025 жылдар
|
Іс әрекет мазмұны |
мерзімі |
жауаптылар |
|
МДҰ барлық іс- әрекеттері субьектілеріне эксперттік бағалауы. Даму Бағдарламасының орындалуы туралы есебі. |
Мамыр айы. 2025 жыл |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |
|
Педагогтардың іс-тәжірибелерінен жинақтап әдістемелік құралдар шығару. |
2024-2025 жылдар |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |
|
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша материалдар жинақтау, іс-тәжірибе тарату |
2024-2025 жылдар |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |
|
Ата-аналармен ынтымақтасты қарым-қатынаста жұмыс |
2024-2025 жылдар |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |
|
Семинарлар,обылыстық мастер кластар, республикалық деңгейде қорытындылау. |
2024-2025 жылдар |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |
|
Даму Бағдарламасының орындалуына ата-аналар мен педагогтардың ойларын зерттеу. |
Сәуір- мамыр 2025 жыл |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |
|
2025-2030 жылдарға Даму бағдарламасының жобасын жасау |
Мамыр-тамыз 2025 жыл |
МДҰ әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері |






