2026 жылғы қыркүйекте Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы нақтыланды және кеңес төрағасы сайланды.

Сонымен қатар тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы зерделенді. Жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер мен қосымша ақылы үйірмелер туралы таныстыру жұмыстары жүргізілді.


Қамқоршылық кеңесі отырыстарының хаттамалары


№39 “Достық»” бөбекжай-балабақшасы” МКҚК әкімшілігі «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңесінің сайлануы жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына 7 адам қабылданады. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады. «№39 «Достық» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің құжаттарын Ақтөбе қаласы, Астана ауданы,Чекалин көшесі 36 ғимарат мекен жайы қабылдайды.

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: 87711486473

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04-24 қыркүйек 2026 жыл.


Қамқоршылық кеңесі отырыстарының хаттамалары


N39«Достық» бөбекжай-балабақшасы Қамқоршылық кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайдындығы туралы хабарлайды!


2024 жыл 23 мамыр күні МКҚК №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында кезекті Қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Отырысқа Қамқоршылық кеңес мүшелерімен балабақша меңгерушісі, әдіскер, медбике, шаруашылық меңгерушісі және мектепалды даярлық топтардың ата-аналары қатысты.                      

Күн тәртібі бойынша балабақша меңгерушісі А.Ж.Уркимбаева 2023-2024 оқу жылына бөбекжай-балабақшаның қызметі туралы есеп беріп өтті. Өз есебінде меңгеруші Қамқоршылық кеңес мүшелерін оқу-тәрбие жұмысы, МТБ жаңартуы және биылғы оқу жылындағы сатып алулар туралы таныстырды. Сондай-ақ, Құзыреттілік орталығының республикалық жобасы бойынша жұмыс туралы айтып кетті. Сонымен қатар, ғимаратта және ұйым аумағында балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын орындау мақсатында не жасалғандығы туралы ақпаратпен бөлісті.

Бөбекжай-балабақшаның Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.Ж.Бегалиева 2024-2027 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарымен таныстырды.

Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша балабақша әдіскері Л.Т.Табышева ата-аналар арасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы, ата-аналардың балабақша жұмысына қанағаттануы туралы сауалнама жүргізді. Ата-аналардың бөбекжай-балабақшасының тәрбие-білім беру процесінің жай-күйіне, жағдайларына және нәтижелеріне қанағаттанушылық дәрежесін мониторингтеу нәтижелерін қорытындылай келе, барлық ата-аналардың сауалнамаға қатыса отырып, 100 пайыз қанағаттану деңгейін көрсеткенін айтып өтті.

Үшінші сұрақ бойынша  мектепалды топтарының ата-аналар Волкова В., Карасаева А.  білім беру қызметтерінің сапасы, мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-гигиеналық жағдайлары, тамақтану сапасы, материалдық-техникалық базаның жағдайы және балаларының мектепалды даярлық деңгейі туралы өз ойларымен бөлісті.

Отырыс соңында қорытындылау мақсатында ата-аналар бөбекжай-балабақшасының тәрбие-білім беру процесінің жай-күйіне, жағдайларына және нәтижелеріне  өз бағалауларын беріп, келесі оқу жылына жұмыстарын жоспарлады.


№ Атауы Жүктеу
1 Хаттама №4

№ Атауы Жүктеу
1 Қамқоршылық кеңес жұмысы

 

Қамқоршылық кеңес 2022 - 2023

№ Атауы Жүктеу
1 2023 план питания АСП 
2 2023 план питания 
3 Бұйрық 
4  Жоспары
5  Қамқоршылық кеңес ережесі
6  Қамқоршылық құрамы
7 Қамқоршылық төрағасы С.В Вишняк 
8 Үлгілік қағида 
9  Хаттама №1
10  Хаттама №2

Қамқоршылық кеңес 2021 - 2022

№ Атауы Жүктеу
1 Бұйрық 
2  Қамқоршылық есебі
3 Қамқоршылық кеңес жоспары 
4  Қамқоршылық кеңес отырысының бағдарламасы
5 Қамқоршылық құрамы 
6 Үлгілік қағида 
7  Хаттама № 1
8  Хаттама № 2
9  Хаттама № 3
10  Хаттама №4
11  Қамқоршылық кеңес ережесі
12 Cлайд МТБ 

Қамқоршылық кеңес 2020 - 2021

№ Атауы Жүктеу
1  Бұйрық
2  Қамқоршылық кеңес ережесі
3 Қамқоршылық кеңесінің жоспары 2020 
4 Қамқоршылық құрамы 
5 Үлгілік қағида 
6  Хаттама №1
7   Хаттама №2 
8  Хаттама №3
9  Хаттама№4
10  Слайд Достық