Ағымдағы жылдың 27.03.2025 ж. Ақтөбе қаласының «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес №39 «Достық» бөбекжай - балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың денешынықтыру нұсқаушыларына арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларды шағын футбол ойнауға үйрету» тақырыбы бойынша семинар өтті.
N39 Достық бөбекжай - балабақша денешынықтыру нұсқаушысы Горевой Максим Александрович балаларға арналған «Мы играем в футбол» бағдарламамен таныстырды. Өткен оқу жылдарына тоқталып, берген нәтижелерімен бөлісті. Киім үлгісінен бастап, доппен жұмыс жасау әдістерімен толық мағлұмат берді.






