Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

№ 39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында

Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес жоспарын

жүзеге асыру туралы

ЕСЕБІ

 

№ 39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында жемкорлыққа қарсы саясатын жүргізу жұмыстары Сыбайлас жемкорлыққа карсы күрес туралы  Заңнына сәйкес жоспарға сай және жүйелі жүргізілуде.

 

      Жемқорлыққа карсы күрестің мақсаты мен тапсырмалары:

  • Азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін және заң мүдделерін

                   жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.

  • Жемкорлық құқық бұзышылықты ескерту, айкындау бойынша нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
  • Жемқорлыққа қарсы күрес құралдарын, әдістерін, нысандарын онтайландыру.

Мемлекеттік  Мектепке дейінгі ұйымның тиімді кызметі үшін балабақшаның холында «Мен жемқорлыққа карсымын!» акпараттык кабырғасы орналаскан, онда ата- аналарға, қызметкерлерге жыл сайын жаңартып отыратын бұйрықтар, құлақтандырулар, жаднамалар бар.

Жыл сайын өтетін жалпы ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тапсырма сұрақтары бөлек қарастырылады.

№ 39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында жемқорлыққа жол беретін кұқық бұзушылык әрекеттерін, оны болдырмау үшін қажетті шара қолдану:басшыға және уәкілетті мемлекеттік органға хабардар ету туралы бұйрықтарға, қызметкерлер жыл сайын педагог кеңесі мен өндірістік жиналыстарда танысып, қол қояды. Тікелей ата-ана коғамымен жұмыс жасайтын тәрбиешілер ҚР заңнамасын бұзып, зансыз ақша қаражаттарын жинағаны  үшін МДҰ бұйрығы бойынша дербес жауапкершілікке тартылады. Сонымен катар Мемлекеттік стандарт және мемлекеттік қызмет регламентіне сәйкес мемлекеттік кызмет көрсетуге жауапты тағайындалды.

          Балабақша әкімшілігі ата-аналардың ойын аныктау максатында «Сенім телефонын», хат пен үндеуге арналған пошта жәшігін енгізді.

2023 жылдың қараша айында жемқорлыққа қарсы күресті ұймдастырған іс-шарасына МДҰ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  дөңгелек үстеліне қатысты.

Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс Жоспарын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес жұмыс тобы қазықылық патриотизмге, жоғары мәдениетке, адамның құқығы мен бостандығын құрметтеп тәрбиелеуге баяндама, кеңестер, ата-аналар үшін тәрбиешілер сағат сценраийі, педагогтар арасында дебат жұмыстары басталды.

Ағымдагы оқу жылына тапсырмалар:

  1. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін жауапты тұлғаларды бекіту.
  2. №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының рәсми сайтына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша арнайы айдар ашу, тұрақты контентпен толтыру
  3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу мәселелері бойынша қарқынды жұмыстар жүргізу.
  4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының ата-аналарына бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуін ұйымдастыру.
  5. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі жадынамалар әзірлеу, тарату, веб-сайт, әлеуметтік желілерге орналастыру.
  6. №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының педагогтері үшін «Жемқорлықсыз қоғамға жол бастаймыз!» тақырыбында үздік эссе байқауы
  7. Сыбайлас жемқорлық жасалу жағдайы болған кезде оның шығу себептеріне талдау жүргізу
  8. №39 «Достық» бөбекжай-балабақшада «Адалдық сағаттарын» өткізу
  9. №39 «Достық» бөбекжай-балабақшада өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жандандыру.
  10. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметкерлеріне, ата-аналарына бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуін ұйымдастыру.
  11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша,мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың ашықтығы мен жеңілдігі бойынша, халыққа электронды форматта көрсетілетін қызметтерді көбейту бойынша шаралар қолдану.
  12. Білім саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында  ақпараттық ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізу.

№39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі: А.Ж.Уркимбаева