Ақтөбе қаласы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
№39 «Достық» бөбекжай-балабақшасы
Мекеменің атты: мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
№39 «Достық» бөбекжай- балабақшасы
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 36
Телефон: 8 (7132) 53-61-24, 53-63-06, 50-75-30
Электронная почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт: http://dostyk39.testim.kz/kz/
Инстаграмм: dostyk39
Фейсбук: : https://www.facebook.com/profile.php?id=100024063330730
Ютуб-канал: https://youtube.com/channel/UCJ-P4yFrwUoadeiqeCyoEVA
Жалпы алаңы 3210 ш.м.
Ақпараттық анықтама. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 2011 жылдың қаңтар айында МКҚК №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасы қолданысқа берілді. Бөбекжай-балабақшасында 10 топ, барлық бала саны-280, оның 7 топта 190 балаға оқу-тәрбие мемлекеттік тілде, 3 топта 90 балаға орыс тілінде беріледі.
Шанхай мөлтек ауданының 35 % балаларын мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтиды.
2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізетін педагогтар саны-26, оның 14 (54%) жоғары білімі бар, мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша 17 (65%) педагог қызмет етеді. 14 (54%) педагогта біліктілік санттары бар. 2020-2023 жылдары 21 педагог қайта даярлау курстарынан өтті, 6 педагог біліктілік санатын арттырды. Жоғары білікті педагогтер жұмыста заманауи, алдыңғы қатарлы халықаралық және республикалық тәжірибелерді қолданады.
2013 жылы №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік бақылаудан өтті.
2019 жылы – профилактикалық мемлекеттік бақылаудан өтті.
Материалдық-техникалық базасы.
Жоба қуаттылығы - 280 орын. №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасы балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған мектепке дейінгі ұйымдарының бірі. Басымдықтардың бірі - балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік шарттар құрылды: мамандандырылған күзеті бар аумағы заманауи абаттандырылған, электрондық өткізу жүйесі (турникет), бейнедомофон, сыртқы және ішкі бейнебақылау (26 бейнекамера), күзет-өрт дабылы жүйесі, қауіпсіз пәндік-кеңестік даму ортасы.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен мүмкіндіктері шектеулі келушілер үшін №39 "Достық" бөбекжай-балабақшасының аумағында және ғимаратында арнайы жағдайлар жасалған: пандус, тактильді жолдар, брайль тақтайшалары, мнемотаблицалар, сигналдық белгілер, кең кіреберістер (1,5м) жасалынды, дәретханалардағы арнайы құрылғылар. Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 03.03.2022 жылда бекітілген әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің кедергісіз орта Паспорты бар. 28 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Барлық топтар заманауи балаларға арналған көп функционалдық жиһаздары және ойыншықтармен жабдықталған. 10 топта 43 дюйм үлкен СМАРТ теледидар, музыка залында ИНТЕРАКТИВ тақта орнатылған, денешынықтыру залы, қазақ тілі, әдістемелік, психолог кабинеттер техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. 2023 жылы жаңартылған Мемлекеттік стандарт пен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделінің» талаптарына сәйкес "Кітапқұмар" кітапханасы ашылды. Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және қалыптастыруға медициналық және егілу кабинетінде жүзеге асырылады. Балабақшада балалардың теңдестірілген 5-рет тамақтануы ұйымдастырылған. Көріктендірілген балабақшаның аймағында спорттық және ойындық жабдықтар балалардың денсаулығын нығайтуға, ата-аналармен тәрбиеленушілер арасында дене шынықтыру және спортты дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық аймақ: шыршалар, бақша, гүлзарлар экологиялық тәрбие беруге қызмет көрсетеді.
Инновациялар:
2012-2016 жж. облыстық эксперимент «Мектеп жасына дейінгі балаға тілдің үш тұғырлығы арқылы көп тілділікті қалыптастыру»;
2012-2016 жж. облыстық эксперимент «Экологиялық тәрбиеге бағытталған шығармашылық ЭКО зертхана».
2013-2015 жж. республикалық эксперимент «Мектепке дейінгі ұйымда жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу»
2014-2022 жж. республикалық «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарлама бойынша пилоттық мекеме болып тағайындалған.
2018 ж. бастап «Теннис до 10» қалалық эксперимент.
2019-2022 жж. облыстық эксперимент «Замануи білім беру технологияларын енгізу негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыру».
Жетістіктері: Соңғы 3 жылда МДҰ педагогтары білім беруге бағытталған 26 адаптивтік бағдарлама, 14 педагогтың әдістемелік жұмыстары облыстық жинақтан жарық көрді. Жыл сайын МДҰ-ның педагогтары және тәрбиеленушілері республикалық, облыстық және қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындармен және сертификатпен марапатталды.
Балабақшаның меңгерушісі: Уркимбаева Аққаным Жаксыевна.
Жалпы еңбек өтілі - 35 жыл жоғары, жоғары білімді, «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты бар. 2017 жылда Ы.Алтынсарин төс белігісі және 2021 жылда «Мейірім-әлемге махаббатпен» А.Аймағамбетов білім министрінің төс белгісімен марапатталды.
"МКҚК №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасының миссиясы:
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде толыққанды дамыту, болашаққа дені сау тұлға болуын қалыптастыру. "
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | ДАМУ БАҒДАРЛАМА 2020-2025 | ![]() |








