№39 "Достық" бөбекжай-балабақшасында 22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай ата-аналармен балалар арасында "Ең үздік көрініс" тақырыбында салт - дәстүрлерден байқау ұйымдастырылды. Байқауға ерекше атсалысып, "Балдәурен" тобының тәрбиленушісі Жеткербай Айарудың және "Ақбота" тобының тәрбиленушісі Жеткербай Арсеннің ата-анасы ұлттық салтымыздың бірі Қымызмұрындық салтын және дәстүріміздің бірі - Жеті атаны атаудың өзі үлкен мәнді - мағыналы дәстүріміз екенін ұғындырды.
Байқауға ерекше жауапкершілікпен атсалысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Арайлап жеткен әз Наурыз мейрамымыз құтты болсын!
Ақ мол болсын, ақтарылған ақ тілектер оңғарылсын!






