16.11.2021 ж. күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында N39 "Достық" балабақшасында "Жырға қосам, мен сені Қазақстан!" тақырыбында ата - аналардың қатысуымен патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ата - аналар белсенділік танытып, ерекше көңіл күй сыйлады. Нәтижесінде "Қызғалдақ" мектепалды даярлық тобының тәрбиленушісі Жақсылық Амир І орын, "Балдәурен" мектепалды даярлық тобының тәрбиленушісі Жеткербай Айару ІІ орын, "Жұлдыз" ересек тобының тәрбиленушісі Асланқызы Адина ІІІ орын иеленсе, өзге  қатысушылар - "Бәйтерек" мектепалды даярлық тобының тәрбиленушілері Кисикова Малика мен Қамбарбекова Каусар Алғыс хаттармен марапатталды. Тәуелсіздігіміздің туын мәңгілік желбіретер жас ұрпақты тәрбиелеуге  зор үлес  қосқан ата-аналарымызға мың алғыс!!!