ЭКСПЕРИМЕНТТЕР

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ:

Тақырыбы:

№39 “Достық” мектепке дейінгі ұйымы “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру мекемесі.

Пилотная организация образования по программе духовно-нравственного воспитания «Самопознание»

    Негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 356 бұйрығы, Ақтөбе  облысы  білім  басқармасының  2014 жылғы  9 қазандағы № 958 бұйрығы, облыстық  оқу- әдістемелік  орталығының  2014 жылғы  15 қарашадағы  № 931 бұйрығы,Ақтөбе қаласы МКҚК  №39 «Достық» МДҰ-ның 2014 жылғы 20қарашадағы № 98 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 08.05.2019 ж. №195 бұйрығы.

Мақсаты: «Өзін–өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағадарламасын  біртұтас педагогикалық үдеріске енгізу,мектепке дейінгі балалар жан-жақты дамуы үшін рухани-адамгершілік құндылықтардың кеңістігін қалыптастыру, білім беру және қосымша білім беру салаларымен “Өзін-өзі тану”рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасына  интеграциялау, мектеп жасына дейінгі балалардың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы арқылы даму қажеттіліктерін арттыру.

Эксперимент уақыты: 2014- 2021 жылдар

Эксперимент қатысушылар: барлық қызметкерлер (педагогтар), тәрбиеленушілер, ата-аналар

ОБЛЫСТЫҚ:

Тақырыбы:«Заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыру».

«Использование эффективных методов и технологий в обновлении содержания дошкольного образования и воспитания»

Негіз: Ақтөбе  облысы  білім  басқармасының  2019 жылғы  13 қыркүйек  № 284 бұйрығы.

Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып ұйымдастыру. Қазіргі білім беру үдерісіндегі 4К моделін: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Эксперимент уақыты: 2019-2022 жылдар

Эксперимент қатысушылар: «Күншуақ» «Ақбота» ортаңғы тобы, «Асылтас», «Бұлақ» ересек топтары, «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы.

ҚАЛАЛЫҚ: 2017-2022 жылдар

Мектепалды даярлық топтармен – МИНИ-ТЕННИС

Ересектер топтармен – БЕБИ-ТЕННИС