МКҚК №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасы педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; (мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларындағы 3-қосымшаға сәйкес)
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту