Хабарландыру

ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" негізінде №39 "Достық" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны қазақ тілінде оқытатын топқа тәрбиеші бос лауазымына конкурс өткізеді.
1) №39 "Достық" бөбекжай-балабақшасының мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 36
телефоны: 8 (7132) 536124, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
2) Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:
қазақ тілінде оқытатын топқа тәрбиеші - 1.125 жүктемесі (2 ваканттық орын)
Негізгі функционалдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.
Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; психология мен педагогиканы, дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру
Еңбекақы мөлшері мен шарттары бөбекжай-балабақшаның штаттық кестесіне сәйкес.
3) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: педагогикалық жоғары немесе кәсіптік білім, жұмыс стажына талаптар қойылмайды.
4) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. ( 27.06.2024 ж. дейін)
5) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. адрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
7) Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.