ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" негізінде №39 "Достық" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны әдіскер бос лауазымына конкурс өткізеді.
1) №39 "Достық" балабақшасының Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 36
телефоны: 8 (7132) 536124, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
2) Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:
Әдіскер – 1.0 жүктемесі
Негізгі функционалдық міндеттері:
Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар және бағдарламаларды құрастырады.
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
Жас ерекшелік топтары бойынша сабақты жасайды.
Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Жаңартылған педагогикалық тәжірибелерді анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Оқу әдістемелік құралдармен, ойындармен, ойыншықтармен топтарды жабдықтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді.
Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактика принциптерін, педагогика негіздерін, психологияны, жалпы және жеке оқыту және тәрбиелеу әдістерін, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, әдістемелік және ақпараттық материалдың жүйелендірудің қағидаларын.
Балабақшаның штаттық кестесіне сәйкес еңбекақы мөлшесі -147 168 тг
3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - соңғы 3 жылдан кем емес,
4) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. (31.08.2023 ж. дейін)
5) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-СҒТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).






